ТАСЫМАЛДАУ БАРЫСЫНДА ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ЖҮКТЕРДІ ӨҢДЕУ ҮДЕРІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.58420/ptk/2024.84.04.005Кілт сөздер:
ет өнімдері, сапа, микробиологиялық бақылау, химиялық талдау, сақтау, тасымалдауАңдатпа
Бұл жұмыста ет өнімдерінің сапасына сақтау және тасымалдау жағдайларының әсері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі өнімдердің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады, өйткені микробиологиялық, химиялық және физикалық факторлардың бірлескен әсері жеткілікті зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты – ет өнімдерінің сапасына әсер ететін негізгі факторларды анықтау және өнімнің сақтау мерзімін және қауіпсіздігін сенімді бағалауға мүмкіндік беретін бақылау әдістерін кешенді түрде әзірлеу. Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: зерттелетін материалды сипаттау, сапаның төмендеу факторларын анықтау, микробиологиялық, химиялық және органолептикалық көрсеткіштерді кешенді талдау әдістемесін әзірлеу, тәжірибелік зерттеулер жүргізу және сақтау мен тасымалдау жағдайларын оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ет өнімдерінің сапасының төмендеуі микробиологиялық, химиялық және физикалық факторлардың бірлескен әсерінен туындайды. Ұсынылған бақылау әдістері өнімнің сақтау мерзімін дәл анықтауға және оның тұтынушылық қасиеттерін бағалауға мүмкіндік берді. Қорытындысы зерттеу барысында ұсынылған гипотеза ет өнімдерінің сапасын бақылауда кешенді тәсіл қажет екенін растайды. Практикалық маңызы – нәтижелерді тамақ өнеркәсібінде қолдану арқылы қауіпсіздікті арттыру, өнім сапасын сақтау және сақтау мен тасымалдау кезінде шығындарды азайтуға мүмкіндік беруінде.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан Өндіріс көлігі

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.







