ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨЛІК КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖАҚСАРТУ ТӘСІЛДЕРІ
Кілт сөздер:
. Бәсекеге қабілеттілік, логистика, оңтайландыру, нарық, заманауи технологиялар.Аңдатпа
Мақалада көлік компанияларының жаһандық логистикадағы стратегиялық жағдайы мен маңыздылығын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі стратегиялары мен әдістері қарастырылады. Жаһандану және қарқынды дамып келе жатқан экономика жағдайында көлік компаниялары нарықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мақалада логистикалық процестерді оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, инфрақұрылымға инвестициялар, инновациялық шешімдерді енгізу және серіктестіктерді дамыту сияқты бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі бағыттары қамтылған.
Мақала көлік компанияларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кешенді тәсілдің қажеттілігін атап көрсетеді, сондай-ақ олардың нарықтық позицияларын бағалау және жақсарту үшін ғылыми-практикалық құралдар мен әдістемелерді ұсынады.