ЖОБАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕСІМДЕУГЕ ЖӘНЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫН ДАМЫТУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН МОДЕЛЬДЕР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
DOI:
https://doi.org/10.58420/ptk/2025.88.04.007Кілт сөздер:
теміржол станциялары, технологиялық процесс, UML, қолдану жағдайлары, күй диаграммасы, әрекет диаграммасы, автоматтандырылған басқаруАңдатпа
Зерттеу тақырыбы техникалық қолдауды жоспарлау, автоматтандырылған басқару жүйелерін (АБЖ) құру және теміржол станцияларының (ТС) технологиялық процестерін модельдеу әдістерін жетілдіруге арналған. Қазіргі заманда жобалау инженерлері зерттелетін объектінің моделін толық және жүйелі түсінуі қажет. Модельдер болашақ техникалық жүйелердің жұмысын толық сипаттап, объектінің құрылымы мен негізгі процестерін көрсетуі тиіс. Зерттеудің мақсаты – теміржол станцияларының технологиялық процестерін (ТП) визуалды бағдарламалау парадигмасы негізінде формальдендіру әдісін жетілдіру. Міндеттері: UМL тілінде қолдану жағдайлары диаграммаларын (UCD), күй диаграммаларын (DIS) және әрекет диаграммаларын (DIA) жасау арқылы ТП-ны графикалық көрсету; әр объектіні қызмет көрсететін орындаушылар мен жұмыстар бойынша сипаттау; ТП орындау тәртібін формальдендіру. Нәтижелер көрсеткендей, UML тілін қолдану арқылы ТС объектілері мен олардың қызмет көрсетушілерінің өзара әрекеттесуін, ТП-ның параллельді және синхронды процестерін визуалдауға мүмкіндік туады. DIS және DIA диаграммалары әр объектінің күйін және әрбір операцияның орындалу кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған модельдеу ТП-ның тиімділігін арттырып, жобалаушы мен оператор арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Rational Rose және AutoCAD орталарында әзірленген графикалық-аналитикалық модельдер ТП жоспарларын автоматтандыруға және негізгі көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, ұсынылған әдістеме ТС ТП-ның моделін тиімді жобалауға, оны құжаттауға, формальдендіруге және визуализациялауға мүмкіндік береді, бұл техникалық шешімдерді қабылдау процесін жеңілдетеді және АБЖ мен ИС жобалау сапасын арттырады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан Өндіріс көлігі

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.







