БЕТОН БЕРІКТІГІНІҢ АРМАТУРАЛАУ ТҮРІНЕ ТӘУЕЛДІЛІГІ

Авторлар

  • Молдашева Раушан Нуркожаевна

DOI:

https://doi.org/10.58420/ptk/2025.85.01.006

Кілт сөздер:

темірбетон, жанама армирлеу, жоғары беріктік, продольдық арматура, беріктік, деформация

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбы – көлденең (жанама) армирленген және жоғары беріктікті продольдық арматураланған сығылған темірбетон элементтердің беріктігін арттыру әдістерін зерттеу. Қазіргі таңда темірбетон конструкцияларында көлденең армирлеу және жоғары беріктікті арматура қолдану арқылы элементтердің беріктігін арттыру мәселесі өзекті болып табылады, себебі бұл құрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, материалдарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Зерттеу мақсаты – көлденең армирлеу мен жоғары беріктікті продольдық арматураның темірбетон элементтердің көтеру қабілеті мен деформацияға төзімділігіне әсерін анықтау, тәжірибелік сынақтар арқылы алынған мәліметтер негізінде есептеу формулаларын ұсыну. Зерттеу міндеттері: тәжірибелік үлгілерді орталықтан және орталықтан тыс сығу жағдайында тексеру, бетон маркасы мен арматура класының элементтің беріктігіне әсерін бағалау, көлденең армирлеудің тиімділік коэффициентін анықтау. Зерттеу нәтижелері көлденең армирлеу элементтердің беріктігін арттыратынын, деформацияны азайтатынын және бетонның пластикалық қасиеттерін жақсартатынын көрсетті. Жоғары беріктікті продольдық арматура қолдану элементтің орталықтан және орталықтан тыс жүктемелерге төзімділігін арттырады. Алынған формулалар жобалау кезінде нақты есептеулер жасауға мүмкіндік береді. Қорытындысы бойынша, зерттеу нәтижелері темірбетон конструкцияларын жобалау мен қолдануда практикалық маңызы бар және болашақ зерттеулерге негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-15

Журналдың саны

Бөлім

ВЫЧИСЛИТЕЛЬНАЯ ТЕХНИКА И ИНФОРМАЦИОННЫЕ СИСТЕМЫ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

БЕТОН БЕРІКТІГІНІҢ АРМАТУРАЛАУ ТҮРІНЕ ТӘУЕЛДІЛІГІ. (2025). Қазақстан Өндіріс көлігі, 22(1), 74-83. https://doi.org/10.58420/ptk/2025.85.01.006

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 23

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.