ISSN № 1814-5787
ISSN № 3006-0273
«Қазақстан өндіріс көлігі»
Негізін қалаушы және баспагері: Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті
«Қазақстан өндіріс көлігі» журналы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ27VPY00074524, 28.07.2023 ж. берілген.
Басылым Халықаралық ISSN орталығында тіркелген:
ISSN: 1814-5787
ISSN: 3006-0273 (онлайн)
Заманауи инфо-коммуникациялық технологияларды ғылыми контекске белсенді енгізу, осы негізде жаңа зерттеу эвристикасы мен цифрлық гуманитарлық білім (digital humanities) әдіснамасын қалыптастыру, сондай-ақ желілік технологияларды ғылым мен техниканың жетістіктерін танымал ету құралы ретінде қолдану мақсатында журнал қазіргі ғылым мен техниканың жаңа парадигмасын дамытуға және қазақстандық мамандар арасында соңғы әзірлемелерді таратуға үлес қосады.
Журнал келесі бағыттар бойынша ғылыми мақалаларды жариялайды: есептеу техникасы, ақпараттық жүйелер, электр энергетикасы және көлікті автоматтандыру.
Журналдың редакциялық саясаты ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жаңа әзірлемелерін насихаттауға, сарапшылардың, докторанттар мен жас зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Мақсаты / Миссиясы:
«Қазақстан өндіріс көлігі» журналы Интернет желісінде қолжетімді ашық ғылыми пікірталас алаңын қамтамасыз етуге, шетелдік зерттеушілердің қатысуына жағдай жасауға; кәсіби тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелерін, жаңа әдістемелер мен пәнаралық тәсілдерді таратуға ықпал етуге; коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін жетекші ғалымдар мен докторанттардың ғылыми нәтижелерін жариялауға ынталандыруға бағытталған.
Журналдың міндеттері:
- басқа журналдарда жарияланбаған түпнұсқа жоғары сапалы ғылыми мақалаларды шығару;
- авторлық құқық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық жарияланымдық этика талаптарын сақтау;
- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктерді жария ету.
Журнал мақалалары CrossRef деректер базасында тіркеледі және әр мақалаға DOI – цифрлық объект идентификаторы беріледі.
Журнал Қазақстанның дәйексөздер базасында (КазБЦ) тіркелген, бұл «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ базасында жүзеге асырылады.
Редакциялық алқаның құрамына Хирш индексі кемінде 3 болатын жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.
Мақалалар журнал сайтында үш тілдің бірінде жарияланады, аннотациялар міндетті түрде үш тілде беріледі.
Материалдардың түпнұсқалығы StrikePlagiarism лицензиялық жүйесі арқылы ресми шарт негізінде тексеріледі.
Журнал отандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми орталықтармен және зерттеу ұжымдарымен ынтымақтастыққа ашық.
Жариялану жиілігі: жылына 4 рет
Редакцияның мекенжайы:
Қазақстан, Алматы қ., Жетісу-1 ықшам ауданы, 32а үй
Телефон
Редакция: +7 707 396 6449
Телефон: 8 (727) 376-74-78
Факс: 8 (727) 376-74-81
Е-mail: info@mtgu.edu.kz
Журналдың сайты: http://prom.mtgu.edu.kz
ISSN № 1814-5787
ISSN № 3006-0273