PYTHON-ДА НЕСИЕЛІК СКОРИНГТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮЙЕЛІ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.58420/ptk/2024.83.03.003Кілт сөздер:
несие, скоринг, кредиттік балл, дербес есеп, қаржылық сауаттылық, автоматтандырылған талдауАңдатпа
Зерттеу тақырыбы – Қазақстандағы несиелік скоринг жүйесі және дербес несиелік есептердің рөлі. Несиелік скоринг – қарыз алушының несие қабілетін бағалау үшін банктер мен қаржы институттары қолданатын статистикалық талдау жүйесі. Бұл зерттеу Қазақстандағы жеке және корпоративтік несие есептерінің құрылымын, халықаралық FICO және VantageScore модельдерін салыстыруды, сондай-ақ кредиттік шешімдерге әсерін талдауды қамтиды. Зерттеудің негізгі мақсаты – несие беру процесінде дербес несиелік есептің рөлін анықтау, несие алушылардың қаржылық мінез-құлқын зерттеу және кредиттік баллды бағалау әдістерін талдау. Міндеттері: 1) Қазақстандағы несиелік өнімдер мен дербес несиелік есепті пайдалану статистикасын жинау және жүйелеу; 2) FICO және VantageScore модельдерін салыстыру; 3) дербес несиелік есептің несие шарттарына әсерін бағалау; 4) автоматтандырылған талдау әдістерін қолдану арқылы кредиттік шешімдер сапасын арттыру. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, халықтың көпшілігі несие алу кезінде дербес несиелік есепке жеткілікті көңіл бөлмейді. Дербес несиелік есепті пайдаланған қарыз алушылар несие шарттарын жақсартуға және банкпен тиімді ынтымақтастық орнатуға қабілетті. Python бағдарламалау тілін қолдану деректерді автоматтандырылған талдауға мүмкіндік берді. Қорытындысында, Қазақстандағы несие берудің тиімділігін арттыру үшін дербес несиелік есептің маңызы анықталып, қаржылық сауаттылықты арттырудың перспективасы ұсынылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан Өндіріс көлігі

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.







